27 ноября 2023


УНИВЕРСИТЕТТЕ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШҚУ-да мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы «Сапалы білім барлығына қолжетімді» ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.
Диалог алаңы ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның және Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлегеннің қатысуымен өтті.

— Ең алдымен талқылаудың мақсаты анықталды. Атап айтқанда, қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен ұлттық баяндама жобасы қаралды. Сондай-ақ барлық тиісті мемлекеттік органдармен пысықталды. Маңызды құжат шұғыл шешімді қажет ететін өзекті мәселелерді қозғайды. Білім беру сапасын арттыру ғана емес, жалпы Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған, — деді Мұхтар Төлеген.

Ал білім басқармасы басшысының айтуынша, Ұлттық баяндама жобасы университетпен бірлескен жұмыстың нәтижелерін көрсетеді. Оған қоса Шығыс Қазақстанның білім беру жүйесінің болашақ дамуын айқындайды. Біздің алдымызда өңір үшін педагог кадрларды даярлауда жаңа міндеттер тұр. Ол үшін жаңа трендтерді қолдану қажет. Мысалы, мамандыққа араласу және қайта даярлау. Сондықтан құжатқа назар аударып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру өте маңызды.

Сонымен қатар, диалог алаңында білім беру саласындағы түрлі деңгейлердің сарапшылары мәлімдеме жасады. Соның ішінде ШҚУ қызметкерлері және Өскемен қаласының педагогикалық қоғамының өкілдері бар. Кездесу барысында мектепке дейінгі білім беруді, орта білім беру жүйесін және ТжКБ дамытудағы өзекті тақырыптар талқыланды. Педагогикалық білім беруді жаңғырту,
2023 жылы жаңа білім беру бағдарламалары ашылуына байланысты дуалды оқытуға қатысты педагог кадрларды даярлау ісіне көп көңіл бөлінді. Оның қатарында «Эргопедагогика», «Ерте қолдау педагогикасы» бар. Тақырып білім беру мазмұнын өзгертудегі және цифрлық трансформациядағы, сондай-ақ білім беру мазмұнының сапасын арттырумен маңызды. Бүгінде ШҚУ-да Ұлттық баяндама жобасында қаралған басым бағыттарға сәйкес мәселелер шешіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кездесу соңында ШҚО білім басқармасымен 2023-2026 жылдарға арналған меморандумға қол қойылып, педагог кадрларды даярлаудың өңірлік бағдарламасы талқыланды. Құжатқа қол қою кезінде педагогтар, сарапшылар пікірі мен Ұлттық жоба маңызы ескерілді.