1 Қыркүйек 2023


ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІЛІМ: АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Парасаттылық сағаты» бірыңғай жалпыреспубликалық акциясы өтті. Осы акцияның аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов  пен университет ректоры Мұхтар Төлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін түсіндіру мақсатында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесті.

Іс-шара «Таза қол» мүсіндік композициясының тұсаукесерімен басталды. Нысан 2021 жылы ЖОО-ның  базасында парасаттылық пен адалдықтың символы ретінде ұсынылған. Шәкенов мырза ЖОО-ның жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны ілгерілетудегі нақты атқарған жұмысын атап өтті. Сонымен қатар, ол Amanzholov University түлектері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтты.

– Бұл соншалықты қиын емес. Үміткерлер мемлекеттік қызметке тестілеуден және сұхбаттасудан өтуі қажет, құжаттарды жинау және «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында» оқуы қажет. Осыдан кейін  жұмысқа орналасуға болады. Мен барлығын байқауға қатысуға шақырамын. Барлық ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko?lang=ru ресми сайтында қолжетімді. Тіпті жаңадан жұмысқа орналасқандардың да жалақысы өте жақсы, – деді Денис Шәкенов.

ШҚО бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев білім алушылар алдында сөз сөйледі. Оның айтуынша, олардың қызметіндегі басым міндет – патриотизмге тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықтан толық бас тарту.

Кездесу соңында «SANALY URPAQ» студенттік клубы мүшелерінің қатарына студенттерді салтанатты қабылдау өтті. Он ұл мен қыз  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакеновтың қолынан Ерекше белгілерді алды.

Айта кетейік, білім ордасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді саясат жүргізуде. Сонымен, университет базасында «SANALY URPAQ» клубынан басқа «Парасаттылық мектебі» және «Парасаттылық пен көшбасшылықтың жазғы мектебі» жұмыс істейді, онда 100-ден астам студент бар.