4 Қыркүйек 2023


ШҚУ-ДА «ACTIVITIES OF AMANZHOLOV» АТТЫ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да  Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен «Activities of AMANZHOLOV» атты белсенді студенттердің жиналысы өтті.

Жиналыстың негізгі мақсаты оқу ордасына қадам басқан 1 курс студенттерін белсенділер қатарына шақыру. Қабылдаған студенттердің жан-жақты дамуына,  шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетуге қолдау көрсету.

Іс-шараға Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім мамандары, Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, клубтардың жетекшілері мен студенттер қатысты.

 Белсенді студенттер қатарындағы  кез келген білімгер  өзі таңдаған  клубына бара алады. Атап айтсақ, «Жастар рухы» МК, «Ділмар» пікірсайыс клубы, «Парасат» зияткерлік клубы, «Шамшырақ» шығармашылық клубы, «Ақбозат» шахмат спорт клубы, «Мейірім» еріктілер клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Саналы ұрпақ» клубы, жас ақындар мектебі және «Шабыт» студенттер театры.