5 Ақпан 2024


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Қайнар Жексембаевтың басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кезекті практикалық сабақ өтті. Бұл жолы сабаққа педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Сабақтың спикері Бизнес және құқық жоғары мектебінің Заңтану кафедрасының лекторы Арайлым Батырбекова болды. Шара барысында студенттер «Адалдық алаңы» тақырыбы бойынша берілген кейстерді шешіп, викториналық сұрақтардың жауабын тапты.
Қайнар Жексембаевтың айтуынша, алдағы уақытта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен квест-ойын ұйымдастыру жоспарда.