6 февраля 2024
AMАNZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ 85 ЖАСҚА ТОЛДЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың құрметті профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Полтаранин Иван Аникеевич 85 жасқа толды.
Иван Полтаранин — 1939 жылы 25 қаңтарда Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ағарту ісінің үздігі (1987 ж.). «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002 ж.).
КСРО Білім Министрлігінің (1989 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2003 ж.) құрмет грамоталарымен марапатталған.
Профессордың 85 жас мерейтойына орай арнайы конференция ұйымдастырылды.
Конференцияға басқарма-төрағасы ректор Мұхтар Төлеген қатысып, профессордың білім саласындағы сүбелі еңбегін атап өтті.
— Иван Аникеевич өзінің қаншама білім саласындағы жетістігімен, әділдігімен, кәсібилігімен баршамызға үлгі болған жан. Туған күніңізбен құттықтай отыра, отбасыңызға амандық, бақыт-береке тілеймін, — дейді Мұхтар Төлеген.
Сондай-ақ, конференцияға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит арнайы келіп, профессорды мерейтойымен құттықтады.
Мерейтойға арналған конференцияға профессор-оқытушылық құрам, профессордың студенттері, замандас әріптесі Ленста Әубәкірова да қатысты.
— Иван Аникеевичпен сонау 1962 жылы таныстық. Оның барша қызмет жолы, жетістігі көз алдымда өтті. Өзінің ақылымен, білімімен баршамызға үлгі. Мерейтойыңмен құттықтаймын, — деді ШҚУ-дың құрметті профессоры Ленста Әубәкірова.
Сондай-ақ, конференцияға келушілердің арасында Қазақ-Американ Еркін Университетінің оқытушылары, бүгінгі профессор, кешегі студенттері Людмила Веремчук пен Лидия Турова да болды.
Конференция соңында профессор университет ұжымы мен қонақтарға, студенттерге алғысын білдірді.
Айта кету керек, Иван Аникеевич университет қабырғасында 53 жыл бойы сүбелі қызмет етті. Профессордың студенттері қазір мемлекеттік, ғылыми мекемелерде жоғары лауазымды қызмет атқаруда.