6 Ақпан 2024


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – МАҢЫЗДЫ МИССИЯ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттеріне жоғары білікті мамандар болашақ мамандықтарын игеруге көмектесуде.


Мысалы, Экология және география кафедрасының «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған практикалық сабақтар «Қорған» апаттық-құтқару қызметі» ЖШС аумағында өндіріске барынша жақын форматта өтеді. ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы, профессор Валерий Седелев жастарға төтенше жағдай кезінде өз қауіпсіздігін және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және басқа да жабдықтарды пайдалануға үйретеді.
Валерий Седелевтің айтуынша, еңбек қорғау саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Сондықтан, осы мамандықтың түлектерінде жұмысқа орналасу бойынша қиындық кездеспейді.


– Бүгінде ешбір ұйым еңбек қорғау бөлімдерінсіз қызмет ете алмайды. Олар энергетика саласында, барлық өнеркәсіптік, тау-кен, металлургия, коммуналдық орындарда және басқа да кәсіпорындарда жұмыс істейді. Осы аталғандардың кез келгеніне жастар барп жұмыс істей алады, – дейді Валерий Седелев.


Студенттердің өздері болашақ мамандықтарын қазіргі қоғамда өте маңызды, қажет деп санайды.


– Біз өндірістегі адамдардың қауіпсіздігін, яғни олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуіміз керек. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан, мен бұл мамандықты таңдадым, – дейді 4 курс студенті.


Студенттер болашақ жоспарларымен де бөлісті. Олардың айтуынша, оқуларын ойдағыдай аяқтап, жақсы, сұранысқа ие маман атанулары керек.