7 февраля 2024


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

Ғылыми кеңестің кезекті отырысы аясында 12 негізгі мәселе қаралды.


Атап айтқанда, ЖОО-ның 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру шеңбері, Жоғары педагогика мектебінде кадрлар даярлау, қысқы емтихан сессиясының қорытындылары, ББ бойынша элективті пәндер каталогы, ПОҚ біліктілігін арттыру жоспары, екі дипломды білім беруді іске асыру, білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, ғылыми кеңестің бұрынғы шешімдерінің орындалу барысы, кәсіптік бағдар беру жұмысы, түлектердің жұмысқа орналасуы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» қосымша білім беру бағдарламасын бекіту жайы айтылды.


Білім беру процесі мен ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған аталған мәселелер бойынша жауапты қызметкерлердің баяндамалары тыңдалды.


Сонымен қатар, ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген Биология кафедрасының меңгерушісі Алмаш Кітапбаеваны туған күнімен құттықтап, Инновациялық даму және коммерцияландыру департаментінің директоры Бауыржан Рахаділовқа «Абай» медалін табыс етті.


Жиналыс соңында басқарма төрағасы ұжымның оң жұмысын атап өтті.