6 февраля 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТІЛТАНУШЫ, ҒАЛЫМ РАБИҒА СЫЗДЫҚОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде белгілі тілтанушы және түркітанушы, ғылым докторы Рабиға Сыздықованың 100 жылдығына орай сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: ҚР белгілі еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рабиға Сәтіғалиқызының еңбектерімен тереңірек таныстыру, студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін дамыту, жастарды патроиотизм мен адамгершілік рухына тәрбиелеу.

Іс-шара барысында білім алушылар ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рабиға Сыздықова туралы ақпартқа қанық болып және колледж кітапханасындағы  еңбектермен танысты.

Рабиға Сатығалиқызы 96 жыл өмір сүрді. Осы уақыт аралығында тынымсыз еңбек етті, 130-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады. Қазақстан педагогикасына зор үлесін қосты. Ғалымның ұстаздық жетекшілігімен немесе кеңесшілігімен қорғаған ғылым докторлары мен кандидаттары өздерінің тақырыпты терең меңгеруімен, құнды маман болуымен ерекшеленеді. Профессор Р.Сыздықова еңбектері үкімет тарапынан да әлденеше рет жоғары бағаланды. Бірнеше аспиранттар диссертацияларына ғылыми жетекшілік жасады, көптеген диссертацияларға оппонент болды.  

                     Студенттер пайдалы және танымдық іс-шараға белсенді қатысты және  мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Рабиға Сыздықованың еңбектерін көріп, қызығушылық танытты, — дейді Тілдер пәндік-циклдік бірлестігінің төрағасы Шынар Набиева.  

Рабиға Сыздықова қазақ тіл біліміне көп еңбек сіңірді. Осы өнімді, жемісті еңбегі үшін 1972 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген грамоталармен наградталды. Профессордың еңбектері үкімет тарапынан да әлденеше рет жоғары бағаланды. 1984 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері құрметті атағы берілді. Есімі Қазақ КСР-інің «Құрметті Алтын кітабына» жазылды (1981), Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1995), Мемлекеттік сыйлықтың (1996) лауреаты атанды.

Аталған іс-шараны Тілдер пәндік-циклдік бірлестігінің оқытушылары Шынар Набиева мен  Гүлнұр Айтжанова өткізді.