16 Ақпан 2024


ӨҢІРДІҢ 145 АДВОКАТЫ ШҚУ-ДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

Университетте біліктілікті арттыру бағдарламасынан өткен адвокаттарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.


Естеріңізге сала кетейік, ШҚО Адвокаттар алқасы мен ШҚУ арасындағы ынтымақтастық аясында «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызметті құқықтық реттеу» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың онлайн-курстары ұйымдастырылды.
Заң қызметкерлері бір аптада 20 сағаттық курстан өтті. Сабақтарды университеттің қауымдастырылған профессорлары Гүлмира Байркенова, Қуат Рахимбердин, Айнұр Рамазанова, сеньор- лектор Ержан Әбіканов, ШҚО Адвокаттар алқасының адвокаты Асыл Сәбитова, Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры Ирина Мацкевич, сот төрағасы Фархад Камалов өткізді.

Сондай-ақ, судьялар Салтанат Жүніспекова, Махаббат Мағзұмова, «Казэнергогрупп» ЖШС басшысы Нұргүл Оқасова және «ШҚО Жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Надежда Михейлис дәріс оқыды.


Курс ұйымдастырушыларының айтуынша, тыңдаушылар азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокаттың мәртебесін, еңбек дауларының ерекшеліктерін, адвокаттық қызметтің психологиялық әдістерін, шарттық құқықтың сот практикасын және т.б. зерттеген.


Сертификаттарды тапсыру кезінде Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова мамандарды алған сапалы білімдерімен және кәсіби қызметтегі жаңа кезеңімен құттықтады.


Шара соңында тыңдаушылар бағдарламаның жоғары сапасын атап өтіп, оқытуды ұйымдастырғаны үшін университетке алғыстарын білдірді.