21 февраля 2024


УНИВЕРСИТЕТТІҢ 2024-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ Басқармасының отырысы өтті. Жиналыс барысында Стратегиялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова ЖОО-ның 2024-2029 жылдарға арналған Даму бағдарламасы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, университеттің жоғары оқу орнының интернет-ресурстарын дамытуға, Webometrics рейтингінде университет сайтының жоғары позицияларына қол жеткізуге бағытталған жұмысы туралы Басқарма мүшесі-экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректор Ерхат Мұқажанов және Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Динара Сапарова есеп берді.

Отырыс барысында университеттің техникалық паркінің жай-күйі және кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы мәселелер қаралды. Педагогикалық бағыттағы бітіруші курстардың білім алушыларының педагогикалық білімін бағалау тақырыбы қозғалды. Соңында «Professional Upgrading» мансап орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы Арайлым Раисова университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмаларын орындау тақырыбында сөз сөйледі.