26 Ақпан 2024


11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ЖАС БИОЛОГ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

ЖОО Биология кафедрасында 11-сынып оқушылары арасында «Жас биолог» ауқымды олимпиадасы өтті. Білім бәйгесінің бас жүлдесі – биология кафедрасында оқытылатын кез келген білім беру бағдарламасына берілетін ректордың төрт жылдық білім гранты болды.
Олимпиада барысында облыс орталығы мен Шемонаиха, Тарбағатай, Катонқарағай, Самар аудандары, Глубокое және Зайсан мектептерінен 75 қатысушы тестілеуден өтіп, практикалық тапсырмаларды орындады.


Қазылар алқасының қорытындысы бойынша Предгорное орта мектебінің оқушысы Дмитрий Ситенков жеңімпаз атанды. Ал, бірінші орынды №11 Мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Алиса Темная, екінші орынды сол мектептің оқушысы Айзере Қайролдинова иеленді. Үшінші орынды №32 Орта мектептің оқушысы Қабден Әлжан алды.


Шара соңында IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканова оқушыларды олимпиадаға жоғары деңгейде дайындағаны үшін мектеп мұғалімдеріне алғысхат табыстады.