28 февраля 2024


«WORLDSKILLS –AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоспарлы «WorldSkills –AMANZHOLOV UNIVERSITY Жоғары колледжі» ашық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Ашық чемпионаттың талабы бойынша алдағы күндері 4 құзыреттілік бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың және Жоғары колледжнің 30 студентті білім алаңында өз бақтарын сынайтын болады.

WorldSkills чемпионатың мақсаты  қазіргі заман талабына сай мамандар дайындаудың мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық қозғалыс.  

  WorldSkills чемпионатына қатысушылардың барлығы жеңімпаздар. Сіздер осы іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, алдағы байқауларда жеңіске жетіңіздер және өз шеберліктеріңізді көрсетіңіздер. Жастар арасындағы WorldSkills қозғалысы танымал болып келе жатқаны қуантады, — деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың экономикалық мәселелер және цифрландыру бойынша проректоры Еркат Мукажанов.

 

WorldSkills халықаралық қозғалыс жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған жоба. Сонымен қатар сайыс білікті мамандарды даярлауда жаңа трендтер туғызатынын да атап өткен жөн. Сондықтан барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!