4 Наурыз 2024


АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОЛИМПИАДА ӨТТІ

ЖОО-да оқушылар арасында ағылшын тілінен облыстық олимпиада өтті. Екі кезеңдік байқауға аймақ мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар өздерін теория мен практика жүзіндегі білімдерін сыннан өткізіп, көпшілік алдында сөз сөйлеп әділқазылардың бағасын алды.

Қазылардың қорытындысы бойынша бас жүлдені Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей оқушысы Дамиля Темірханова жеңіп алды. Бірінші орын Айсұлу Нұғыман, Валерий Демченко мен Бахтияр Әубәкіровке бұйырды.

Жүлделі екінші орынды Айым Қалиева, Олеся Абросимова мен Ксения Задорожная алды.

Үшінші орынға Жанель Амангельдіқызы, Софья Запрягаева, Әмір Мұқашев лайық деп танылды.

Айта кетейік, олимпиада аясында өңір мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Content-language integrated teaching a second foreign language at a secondary school». Шараны ұйымдастырушылар Шет тілдері және аударма кафедрасының оқытушылары. Семинарға қатысушылар орта мектеп базасында екінші шет тілінің пәндік-интеграцияланған оқыту әдістемесін талқылады.