18 марта 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ЕСКЕК ЕСУДІҢ СЛАЛОМ ТҮРІ БОЙЫНША АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

Паттайя қаласында (Тайланд) жастар мен жасөспірімдер арасындағы слаломды ескек есу спорты бойынша Азия чемпионаты аяқталды.


Турнирде ШҚУ студенттері Виктория Маисеева мен Влада Тараданова командалық жарыста алтын медальді қанжығаларына байлады. Қыздар әр түрлі командаларда өнер көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Спортшылар 23 жасқа дейінгі әйелдер арасында байдарка сынында бақ сынасты.


Айта кету керек, Виктория Маисеева ШҚО өкілдері Дарья Чешуина мен Анастасия Ананьевамен бірге өнер көрсетті.
Влада Тараданова жеке сындарда да көзге түсіп, екі күміс медаль жеңіп алды.


– Бұл чемпионатқа Азия құрлығы елдерінің ең мықты спортшылары қатысты. Бұл санатта біздің құрамадан басқа Қытай, Қытай Тайбэйінен, Өзбекстан, Тайланд, Үндістан, Корея, Малайзия, Мьянма, Моңғолия командалары өнер көрсетті. Команданың бірлігі мен төккен тер ақталып, жоғары нәтижеге қол жеткіздік, – дейді спортшылар.


Қыздарға алдағы үлкен сындарға дайындық үстінде. Спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына қарқындық жаттығуда.