20 марта 2024


ШҚУ-ДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҰНІ ТОЙЛАНДЫ

   С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары мен студенттері «Ұлттық спорт күнін» атап өтті.
    Шараны Педагогика жоғары мектебінің өкілдері ұйымдастырды. Олар ұлттық спорт түрлері бойынша ауқымды спорттық шаралар өткізуді ұсынған.
      Мерекелік шара аясында арқан тартыс, тоғызқұмалақ, гір көтеру, қол күресінен тартысты жарыстар өтті. Сондай-ақ көрермендерге қазақ күресінде жасалатын әдіс-тәсілдер көрсетілді.
Шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау және салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
«Ұлттық спорт күніне орай 20 наурызда еліміздің барлық өңірінде мерекелік жарыстар өтуде, — дейді ШҚУ-дың құрметті профессоры Ризабек Сармулдинов. — Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін жарысқа қатысушылар мен қонақтар көп жиналған. Мерекелік көңіл күй сезіліп тұр. Жарыс ашық форматта өтіп жатқандықтан ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын және мықты денсаулық тілеймін. Ақ мол болсын!
Мерекеге жиналған қонақтар дәстүрлі ойындарды тамашалап қана қоймай, осы спорт түрлерінің кейбірінің шеберлік сағатына да қатысып үлгерді.
     Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы студенттері өз қолдарымен жасаған ұлттық әшекей бұйымдарынан жәрмеңке өткізді.
Ұлттық спортты насихаттаған шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар берілді.