10 апреля 2024


ШҚУ-ДА БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

     Университет басқармасының кезекті отырысында ЖОО-ның ағымдағы қызметі туралы бірқатар түйінді мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Берел» баспасының жай-күйі, проблемалары және қызметін жетілдіру жолдары талқыланды. Баспа күн сайын университетті сапалы оқу-әдістемелік, ғылыми, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнімдермен қамтамасыз етеді. Бұдан әрі университеттің ғылым апталығын өткізуге дайындығы туралы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің педагогикалық бағыттардың бітіруші курстары, кадрлар даярлау бойынша білім алушылардың педагог білімін бағалаудан өту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.                                                                                                                                                                                                                         Сондай-ақ, университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды.
Білім беру үдерісі мен ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған барлық аталған тақырыптар бойынша жауапты спикерлердің баяндамалары тыңдалды.
Отырыс барысында ҚР-ның су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде профессор-оқытушылар құрамы мен ЖОО қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылданды.