16 апреля 2024


ШҚУ-ДА ҰЛТТЫҚ ҒАШЫҚТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде Ұлттық ғашықтар күнін мерекелеуге арналған шығармашылық шара өтті. Жастар бұл күнді «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының кейіпкерлерінің атымен атаған.

Лиро — эпикалық поэма қайғылы махаббаты дастаны. Дәл осы күн қазақстандық ғашықтар күніне айналды. Отбасылық құндылықтың, достықтың символы саналады.

Студенттер атап өткендей, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу тарихы қазіргі заманда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан осы ұлттық аңыздың мәні жоғары.

Мерекелік шара аясында байқаулар, ойындар, романтикалық театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырылды.