23 апреля 2024
БІЗ НЕ ҮШІН AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІ ТАҢДАЙМЫЗ
Мектеп бітіріп, емтихан тапсырғаннан кейін түлектерді тағы бір сынақ күтіп тұр, ол — жоғары оқу орнына түсу. Бұл ретте дұрыс таңдау жасау маңызды. Осы орайда елдің үздік жоғары оқу орындарының бірі — С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұсынған артықшылықтарға тоқтала кетпекпіз.
Университет ҚР көпсалалы жоғары оқу орындары арасында Ұлттық рейтингте 2-орында. Ал, жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде 5-орынға ие. Соның арқасында университет ҚР-ның жетекші университеттерінің қатарында.
Мұнда білім, ғылым және индустрияны біріктіре отырып, аймақтың, республиканың тұрақты дамуы үшін жоғары білікті адами капиталды дайындайды.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ алғаш рет Times Higher Education халықаралық рейтингіне, World University Rankings QS Asia халықаралық рейтингіне еніп, QS EECA UNIVERSITY RANKINGS рейтингінде 501-550, 251-300 орын алды. Университет сондай-ақ бірқатар басқа да халықаралық рейтингтерде маңызды позицияларда орналасқан.
Қазіргі уақытта оқу процесі төрт жоғары мектеп пен жоғары колледж аясында жүзеге асырылады. 49 жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. Соңғы жылдары ЖОО-да «Алтын белгі» иегерлері мен пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері саны екі есе артты.
ШҚУ-да шетелдік жоғары оқу орындарымен және серіктестерімен 14 қос дипломды білім беру бағдарламасы бар.
Студенттер қолданысына 1 млн. данадан астам қоры бар кітапхана және заманауи техникамен жабдықталған жайлы электронды оқу залдары қолжетімді. Әрбір студент мыңдаған электронды оқулықтарға, сондай-ақ интернет желісінің шексіз және тегін ресурстарына қол жеткізе алады.
Өзге қалалардан келген студенттер үшін Студенттер үйлерінде жайлы бөлмелер ұсынылады.
-Мектептен кейін университетті таңдауда мен ұзақ уақыт шешім қабылдай алмадым, таңдау жасамас бұрын түрлі орындарды қарастырдым. ШҚУ туралы толық ақпарат білген соң, осы оқу орыны менің таңдауыма сай келетініне сендім. Мені қызықтырған сала жайлы барлығын үйрететін орын деп білдім, — дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2 курс студенті Амина Бақытбекова.
ШҚУ штатында тәжірибелі оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істейді.
Әр түрлі ұлттардың, оның ішінде жақын және алыс шет елдердің өкілдерін алғанда 10 мыңға жуық студент оқиды. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 98 пайызды құрайды.
Бұл Amanzholov University-ді таңдаудағы артықшылықтардың азы ғана.