25 Сәуір 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

  Жоғары колледжде қалалық және аудандық мектептердің 200-ден астам оқушысы қатысқан Ашық есік күні өтті. Кәсіптік бағдар беру шарасы болашақ колледж студенттерін мамандықтармен, материалдық-техникалық базамен, ЖОО инфрақұрылымымен және студенттік өмірмен таныстыруға бағытталған.
Әр келуші мен ата-аналарды Жоғары колледж оқытушылары мен студенттер қарсы алды. Сондай-ақ ШҚУ туралы негізгі ақпараты бар стендтер көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның ауқымды бағдарламасы белсенділер орындауындағы көңілді би мен әндерден басталды. Ресми бөлім барысында Жоғары колледж директоры Бибигүл Төлегенова білім беру бағдарламаларын таныстырды. Олардың ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың тәрбиешісі», «Тәрбиешінің көмекшісі», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дене шынықтыру және спорт», «Негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Құқықтану», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Зертханалық технология». Айта кетейік, аталған білім беру бағдарламаларына 9-11 сыныптардан кейін түсуге болады.
Жоғары колледжді бітіргеннен кейін біздің түлектеріміз университет қабырғасында бакалавриат мамандықтары бойынша оқуды ҰБТ тапсырмай-ақ жалғастыру мүмкіндік алады. ШҚУ – бұл сапалы білім, мемлекеттік гранттар, кепілді жұмысқа орналасу, заманауи зертханаларда тәжірибеге бағдарланған оқыту, – дейді Бибигүл Төлегенова.
Шара барысында мамандық таңдауына қарай топтарға бөлінген оқушылар викториналар мен квиздарға қатысып, тест те тапсырды. Сонымен қатар, білім ордасының қонақтарына университет мұражайына, криминалистикалық орталыққа, кітапханаға және «Дана бала» үздіксіз инклюзивті білім беру орталығына экскурсия жүргізілді.
Оқушылардың айтуынша, Ашық есік күні пайдалы ақпаратқа толы болды. Жастар оқу орнымен танысып, мол мағлұмат алды.
Жоғары колледж туралы толығырақ ақпарат алу үшін +7-(7232) 540769 телефоны арқылы хабарласу қажет. Пошта: vku_college@vku.edu.kz