3 Мамыр 2024


Бейресми білім беру курстары

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында 2024 жылдың 10 сәуірі мен 26 сәуірі аралығында «Биология және жаратылыстану сабақтарында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың рөлі мен әдістемесі» (бейресми білім беру бойынша) тақырыбында курстар өтті.
Курсты биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шәріпханова Анаргүл Сайлаубекқызы, сениор-лектор, магистр Қабатаева Жадыра Қанатқызы жүргізді.