3 Мамыр 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ КӨМЕКТЕСТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың өзін-өзі басқару “Парламент” ұйымының студенттері тыл ардагері Цыкунова Нина Иванқызымен кездесті.
Студенттер ардагердің үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп,ардагердің өнегелі өмірі жайлы әңгімелесті.
-Барлық жоғары мектептен жиналған белсенді студенттер болып,осы бір мерекеге орай ерекше көңіл-күймен игі іс атқаруға келдік,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Анастасия Красикова
Ардагер өз сөзінде студенттерге алғысын білдіріп,ризашылық танытты.
Айта кету керек,ЖОО студенттері жылда дәл осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.