27 Мамыр 2024


Шетел азаматтарымен сұхбаттасу өткізу тәртібі  

1. Ақылы оқуға түсетін шетел азаматтарын Университетке қабылдауды сұхбаттасу түрінде қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Сұхбаттасу қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі (түсушінің таңдауы бойынша).

2. Сұхбаттасу өткізу үшін басқарма төрағасының-ректордың бұйрығымен комиссия құрылады.

3. Сұхбаттасуға қатысу үшін түсушілер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады (төтенше жағдай, карантиндік шараларды күшейту/сақтау кезінде Университет АЖ арқылы онлайн-режимде):

1) сұхбаттасуға қатысуға өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

4. Оқуға түсушілермен сұхбаттасу өткізу рәсімі екі кезеңнен тұрады:

– оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін білім туралы құжаттарды комиссияның талдауы.

– оқуға түсушінің таңдаған білім беру бағдарламасы саласындағы комиссияның сұрақтарына жауаптары. Жауаптарды бағалау парағын толтыру.

5. Ауызша сұхбаттасу қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі (төтенше жағдай, карантиндік шараларды күшейту/сақтау кезінде бейне-конференция байланыс өткізу үшін тиісті платформаларды қолдана отырып).

6. Оқуға түсушілермен ауызша сұхбаттасу келесі сипаттағы мәселелер бойынша сұхбат қарастырады:

– ҚР-да оқуды таңдау себебі;

– Университет білім беру бағдарламасын таңдау мақсаты;

– жеке жетістіктері;

– Университет оқу ережесін білу;

– тілдерді білу;

– әуестік, хобби.

7.Сұхбаттасуды комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке өткізеді.

8. Сұхбаттасудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша комиссия мүшелері оқуға түсушіні Университеттің білім беру бағдарламаларына қабылдауға/қабылдамауға ұсыныс беру туралы шешім қабылдайды.

9. Хаттама әрбір оқуға түсушіге жеке рәсімделеді және оның жеке ісіне тігіледі.

10. Оқуға түсушіні оқуға қабылдамау туралы комиссияның шешімі сұхбаттасу нәтижелерінің төмен деңгейі, ұсынылған білім туралы құжаттың талаптарына сәйкессіздіктері болған жағдайда (нотариалды куәландырылған аударманың болмауы, рәсімдеудегі ақаулар мен қателер) қабылдануы мүмкін.