3 Маусым 2024


ШҚУ ЕРІКТІЛЕРІ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

      С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжінің еріктілері балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Шара барысында еріктілер балаларды мультфильм кейіпкерлерімен, қуыршақтармен, көңілді қойылымдармен қуантты.

Сондай-ақ, балаларға сыйлық ретінде ойыншықтар табысталды. Тіпті, балалар арнайы ойынға қатысып, қызықты әңгімелер тыңдап, өлең оқып, әуезді ән шырқады.

Колледж директоры Бибігүл Төлегенованың айтуынша,колледж ұжымы үшін жыл сайын балаларды құттықтау дәстүрге айналған.
– Дәстүрлі түрде жылда балаларды құттықтаймыз.Әдеттегідей, біз осындай тамаша мерекеде балалардың назарын барынша аударуға тырыстық.Мереке еріктілердің арқасында көңілді өтті,- дейді колледж директоры.