3 Шілде 2024


«СИБИНЫ» ДЕМАЛЫС БАЗАСЫНДА ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАЗҒЫ МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Шығыс Қазақстанның көрікті жерінде ШҚУ-дың оқу-далалық тәжірибе орталығы – «Сибины» демалыс базасы орналасқан. Сібе көлдері мәрмәр тау шыңдарымен және шалқар көлдерімен қоршалған. Бұл көлдер белсенді демалысты ұнататын отандық және шетелдік туристерді қызықтырады.

Айта кетейік, бірінші шілдеде жазғы маусым басталған болатын. Бұған дейін үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалау жасалды. ЖОО басшылығы жайлы тұру үшін тұрмыстық техника сатып алды. Атап айтқанда, 10 тоңазытқыш, 10 пеш, 13 электр шәйнек алынды. Сондай-ақ, қонақтар жаңа матрастар мен төсек жабдықтарын пайдалана алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін кәсіподақ комитетінің төрағасы Әнел Тарановаға 8 (7232) 54-05-87 телефоны бойынша хабарласуға болады.