5 июля 2024


ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшерін өсіру туралы үкімет қаулысына қол қойды.
Жаңа қаулыға сәйкес, ШҚУ-дың Жоғары колледж студенттеріне арналған шәкіртақы мөлшері 50%-ға артады. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақы мөлшері 20%-ға өсіп, 47 135 теңгеге жетеді. Ал педагогикалық бағыттағы студенттер үшін шәкіртақы мөлшері 75 600 теңгені құрайды.
Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы да 15%-ға артады. Сәйкесінше, олар 107 061 теңге және 240 000 теңге алады.

Айта кетейік, 2025 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне шәкіртақы мөлшері екі есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жоспарлануда.