Кітапхананың сирек кітаптар қоры университеттің аса құнды бөлімі. Қорға XVIII-XX ғасырлардағы 13 мыңнан астам басылым кіреді. Олардың ішінде орыс, неміс, француз, ағылшын және басқа тілдердегі кітаптар, брошюралар, журналдар, атластар және бейнелеу материалдары бар.
Ең алғашқы басылым 1738 жылғы. Бұл – үй шаруашылығындағы алғашқы орыс энциклопедиясы неміс экономисі және жазушысы Флоринус Франциск Филипптің «Флоринова экономия» кітабы. Сирек кездесетін энциклопедиялық басылым Ғылым Академиясының орыс тіліндегі алғашқы ғылыми-көпшілік басылымдарының бірі.
Кітап Анна Иоанновна патшайымның бұйрығымен басылған. Алғы сөздің орнына патшайым Анна Иоанновнаға бүкілресейлік үндеу жазылған. Энциклопедия Тоғыз кітаптан тұрады: «Үй шаруашылығы туралы», «Құрылыс, материалдар туралы», «Егіншілік туралы», «Бақтар мен жүзім туралы», «Жылқылар мен жануарлар туралы», «Жібек құрттары, аралар, тоғандар туралы», «Нан пісіру, сыра қайнату туралы», «Анатомия және дәрі-дәрмектер туралы», «Аспаздық туралы».
«Флоринова экономия» еңбегі үй шаруашылығын жақсы жүргізу, үй иесінің отбасына, көршілеріне, қоластындағыларына қатысты міндеттері мен олармен қатынас, құрылыс тәсілдері, бақтар мен тоғандардың құрылысы, сыра қайнату, жылқыларға күтім жасау, дәрі-дәрмектер және т.б. туралы кеңес береді.
Табиғат пен медицина туралы ақпараттың ішінде көптеген пайдалы кеңестер табуға болады. Француз сорпасы, алма джемі, дули, қара өрік және шие, нан пирогтары, салаттар, қияр тұздығы және т.б. көптеген дәмді асты дайындау жолдары жазылған.
Айта кетейік, бірегей еңбек Б. Мамраев атындағы ШҚУ-дың ғылыми кітапханасында сақтаулы. Қорда 10 000-нан астам кітап бар.