9 августа 2024


«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ қабылдау комиссиясы 2024 жылдың 1 мен 17 тамыз аралығында ҰБТ сертификаты бар шекті балл жинаған үміткерлерден «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.
Бұл конкурсқа келесі топтарға жататын талапкерлер қатыса алады:
1) ауылдық жерден, шағын және моноқалалардан аз қамтылған отбасылардан шыққан (АӘК алатындар); 2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар; 3) мүгедектігі бар тұлғалар;
4) бала жасынан мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан тұлғалар;
5) 2022 жылғы қаңтар қайғылы оқиғасында қаза тапқан азаматтардың балалары;
6) 2022 жылғы қаңтар қайғылы оқиғасында жарақат алған балалар.
Бағдарламаға қатысушылардың жасы 29 жаспен шектеледі.
Грант орыны атаулы, тек бір мәрте тағайындалады және басқа тұлғаға табысталынбайды.
жоғары білімі бар;
-республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен «бакалавр» дәрежесі бойынша мемлекеттік білім беру грантына иегер болғандар. Тел.:+7771470803