15 августа 2024


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ САПАРЫ

ШҚУ-ға Директорлар кеңесінің төрағасы Әмірхан Рахымжанов университеттің стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысын өткізу және тіл кафедраларының қызметімен танысу мақсатында келді.

Комитет отырысы барысында қатысушылар корпоративтік басқару кодексінің ережелерін сақтау туралы есепті, қоғамның 2023 жылғы жылдық есебін, сондай-ақ БҰҰ-ның алдағы бес жылға арналған Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі Жол картасы жайлы тыңдады.

Ары қарай Әмірхан Мұратпекұлына студенттерді көп тілді даярлауға мамандандырылған тіл кафедралары таныстырылды. Атап айтқанда, нөмірі 9 оқу корпусында орналасқан испан, неміс, түрік тілдерінің кабинеттері, сондай-ақ орыс және қазақ филологиясының кабинеттері таныстырылды. Төраға оқу үдерісі үшін жасалған жағдайларға жоғары бағасын берді.