3 сентября 2024
ВЕНГРИЯ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҮШІН ЖОО-ҒА КЕЛДІ
AMANZHOLOV UNIVERSITY Венгрия елінің Сегед университетімен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Биылғы оқу жылында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға Венгриядағы танымал жоғары оқу орындарының бірі Сегед университетінің оқытушысы Эрика Өнер өзінің студентімен бірге келген.
— Венгриядағы білім беру бағдарламасында қазақ тілін екінші шет тілі ретінде үйреніп, қазір қазақ тілінің грамматикасынан сабақ беріп жүрмін. Таңдауымыз Қазақстандағы үздік университеттердің бірегейі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға түсті. Осы жақта қазақ елінің мәдениетімен және тілдік ортамен жақын байланыста болу үшін бірнеше күнге тәжірибе алмасуға келдім, — деді Сегед университетінің оқытушысы Эрика Өнер.
ШҚУ-дан екі студент Сегед университетің ағылшын факультетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімдерін жалғастырып жатыр. Бұл бағдарлама әлем елдерімен мәдени және білім беру байланысын нығайтуға жұмыс істейді.
— Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы осы университетке мамандық бойынша білімімді арттыруға және тілдік ортада қазақ тілін шыңдау мақсатында келдім. Университет іші өте кең, замануи екен. Студенттердің сабақтан тыс демалуларына жақсы жағдай жасалыпты. Оқытушылық құрам өте білікті, жан-жақты екенін байқадым. Оқу барысында қазақ елінің мәдениетімен, бай тарихымен танысуды жоспарлап отырмын. Ұлттық тағамнан дәм татып, қаланың тыныс-тіршілігімен танысқым келеді, — деді Сегед университетінің 3-ші курс студенті Шандор Колманко.
Айта кету керек, С.Аманжолов атындағы ШҚУ әлемнің 30-дан аса елдерімен және ұйымдарымен 90-ға жуық ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасқан. Халықаралық серіктестіктің болуы университеттің дүниежүзілік білім беру жүйесіне деген ұмтылысын көрсетеді. ШҚУ Венгрияның 4 университетімен келісімшарт жасасқан.