9 октября 2024


РЕСЕЙ МЕН КСРО УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫ

Астанада ТМД елдерінде білім беру және денсаулық сақтау саласынд жұмыс істейтін кеңестік және ресейлік жоғары оқу орындарының түлектерінің форумы өтуде. Іс-шараға 11 елден 150-ден астам өкіл қатысуда, олардың қатарында «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова, сондай-ақ Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Professional Upgrading» мансап орталығының маманы Арайлым Раисова бар.

Форумның негізгі мақсаты — КСРО мен Ресей университеттерінің түлектері арасындағы серіктестікті нығайту, сондай-ақ ТМД елдерінде білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуда тәжірибе мен бірлескен бастамаларды алмастыру.

— Мен бүгін осында болғаныма біздің елдеріміздегі білім мен денсаулық сақтауды жақсарту мақсатымен Біріккен көптеген талантты және ынталы адамдарды көргеніме қуаныштымын. Форум қатысушыларға кәсіби байланыстар орнатуға, идеялар мен тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ жаңа жобалармен бірлесіп жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік береді— деп атап өтті «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова.

Форум бағдарламасына «Ресей мен ТМД арасындағы білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық» және «Ғылыми-білім беру серіктестігі, бірлескен зерттеулер мен индустриялық-білім беру байланыстарын дамыту» тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер кіреді. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курстары да жоспарланған. Атап айтқанда «Жоғары білімдегі менеджмент» және «Денсаулық сақтау менеджменті» бағыттары бойынша.