21 октября 2024


«ДАНА БАЛА» ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТЕРГЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫС ЕТТІ

С.Аманжолов атындағы «Дана бала» инклюзивті білім беру орталығында «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзіреттілігін дамыту» курсының тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді. Курс ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген.

Екі аптаның ішінде қатысушылар курс бойынша теориялық-практикалық білімдерін жетілдірді. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының құжаттама нысандарын ресімдеуді үйренді.

Жыл сайын білікті арттыру курстарына облыстағы әр өңірден 400-ден астам тыңдаушы қатысады.

С.Аманжолов университеті — инклюзивті білім беру бағытындағы білім беретін жетекші білім ордасы. ЖОО ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға замануи әдістемелерді арқылы сапалы жоғары білім беруді көздейді.