21 сентября 2023


ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ: СТУДЕНТТЕРГЕ ӨЗ ДЕРЕКТЕРІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

ШҚУ-да «Құқықтану» және «Сот және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламаларының студенттері Өскемен қаласы Полиция басқармасы мен ШҚО Полиция Департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Шараның өзекті тақырыбы цифрлық қауіпсіздік. Бүгінгі таңда кибер алаяқтық алаяқтықтың ең көп таралған түрі. Заңбұзушылар танымал дүкендердің, банктердің, мемлекеттік органдардың веб-ресурстарын жалған жамылып, азаматтардың аккаунтарын бұзады. Жеке деректерін алып, қылмыстық мақсатта пайдаланады.
— Бұл шараның негізгі мақсаты – интернет алаяқтық туралы түсіндіру. Біз интернет-алаяқтық жасаудың негізгі әдістерін сипаттайтын бейнероликтерді көрсеттік, өйткені цифрландыруға байланысты қылмыстың бұл түрі күннен күнге көбейіп келеді. Студенттер қызығушылық танытқаны қуантады. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп толғандырған сұрақтарын қойды, — дейді Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.
Полиция қызметкерлері егер біреу алаяқтардың қармағына ілінсе, көп жағдайда ақшаны қайтарып алу мүмкін емес екенін айтады. Күдікті қамауға алынғанның өзінде де.
— Полиция департаменті қызметкерлері уақыт бөліп келгендері қуантады. Өйткені, біз үшін де үлкен кісілер үшін де өзекті тақырып. Бүгінгі шараның арқасында жақындарымызды да мұндайға тап болмауға ескертеміз, — дейді ШҚУ студенті Айлин Есмұхамбетова.
Кездесу соңында студенттер заң өкілдерінен алаяқтықтың болжамды фактілері бойынша құқықтық кеңес алды.