21 ноября 2024


1500-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОО-ЛАРЫНДА «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫҒАН

Бүгінгі таңда еңбек ресурстары басым оңтүстік өңірлерден келген студенттерді даярлауды көздейтін «Серпін» бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 444 студент оқиды. Негізгі оқу бағыттары – педагогика, технология және тамақ өңдеу, ядролық физика және басқа да бірқатар салалар. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның жобалық кеңсесінде студенттермен әңгімелесіп, «Серпін» сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға тамаша мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар, оқу орны кадр тапшылығы байқалатын салаларға мамандарды оқытып, жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырудың 10 жылында 1122 студент диплом алды, «Серпін» жобалық кеңсесінің мәліметі бойынша, жұмысқа орналасу көрсеткіші 97% құрайды. Көптеген түлектер университетті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстанда тұрып, облыстың әртүрлі ұйымдарына жұмысқа орналасты.

Дереккөз: https://sozmedia.kz/54964/