2 декабря 2024
ГЕТЕ ИНСТИТУТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да
Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқу мен
оқытудағы замануи технологиялар” тақырыбында жас мамандарға, тәжірибелі
оқытушылаға арналған оқыту семинары өтті.
— Бүгінгі оқыту семинарға
қатысушылардың басым көпшілігі педагог ретінде бес жылдай уақыт жұмыс істеп
жүрген оқытушылар. Инновациялық тәсілдер тақырыбы өте өзекті. Жыл өткен сайын
жаңарып, қосымша білім алуды талап етеді. Практик мұғалімнің қатысуымен өтетін
семинар барлық санаттағы педагогтерге пайдалы болады деп сенемін, — деді академиялық
мәселелер жөніндегі проректор Нұрлана Алимбекова.
Спикер «Педагогикалық білім және
менеджмент кафедрасының» лекторы, педагог-зерттеуші Жадыра Болатқызы оқыту
семинарын сергіту сәтінен бастап, барлық қатысушылардың ой-пікірін білдіріп,
белсенді қатысуларына ықпал етті.
— Коучинг барысында жас мамандар
мен тәжірибелі ұстаздарға сабаққа дайындалуға кететін уақытын үнемдеуге көмектесетін
заманауи технологиялар таныстырдым. Мұғалімдерге арналған arloopa қосымшасы
виртуалды шындықты сабақтарға енгізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырады, —
деді Жадыра Болатқызы.
Сондай-ақ спикер Suno AI
платформасы арқылы ән жазу, интерактивті тапсырмалар жасауға арналған
интерактивті дәптерлер, Robotext.IO арқылы мәтін құру және Copilot Designer
сияқты құралдар сабақтың мазмұнын байытады деп атап өтті. ChatGPT Білім беру
саласында кең қолданылып жатқан бұл құрал студенттермен қарым-қатынас орнату,
күрделі мәтіндер дайындау және оқытушылардың уақытын үнемдеу үшін таптырмас
көмекші.
Оқыту семинарына қатысушылар
заманға сай білім беруге қажетті өзекті тақырыптар және сабақты қызықты
өткізуге арналған қосымшалармен таныстық деп пікір білдірді. Олар алдағы
сабақта осы әдістерді қолданатындарын айтып, алғыстарын білдірді.
https://www.goethe.de/ins/kz/ru/index.html