3 декабря 2024


ШҚУ ПРОФЕССОРЫ ҚР СЕНАТЫ МЕН ЮНИСЕФ-ТЕ ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Ирина Мацкевич БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенцияның Қазақстанда ратификацияланғанына 30 жыл толуына арналған ҚР Сенаты мен ЮНИСЕФ-тің жаһандық конференциясында баяндама жасады.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды сүйемелдеудегі ведомствоаралық тәсілдер туралы баяндамасында ШҚУ оқытушысы зорлық-зомбылықтың салдарына тоқталып, қылмыстарды тергеу барысында балалардың екінші мәрте виктимизацияға ұшырау мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ ол достық орта моделін таныстырып, балалардан тергеу сұхбатын жүргізу мен олардың жауаптарын сақтау стандарттарын белгіледі.

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Соңғы жылдары БҰҰ-ның қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылып, оның жұмысы жетілдірілуде. Сондай-ақ көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларды әлеуметтік қолдау күшейтіліп, балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылды және басқа да маңызды шаралар қабылдануда.