11 декабря 2024


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық және Түркия мемлекеті Улыдаг университеттері  арасында on-line форматта «Түрік  әлемінде әліпби және түркі тілдерін оқыту әдістемесі» — тақырыбында cеминар өтті.

Аталмыш іс — шараға С.Аманжолов университеті   профессор – оқытушылар құрамы, доктаранттар, магистанттар және білім алушылар қатысты.  Семинар шымылдығын «Жоғары педагогика» мектебінің деканы медицина ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Куленова Гульнара Борисовна ашты. Көтеріп отырған ортақ тақырып қоғамдағы ең өзекті кезек күттірмейтін мәселелердің бірі екенін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі! Улыдаг университеті тарапынан Түрік Тілі және Әдебиет бөлімі, Түрік Фольклоры кафедрасының меңгерушісі, проф. Доктор Hülya TAŞ та өз лебізін білдіріп, семинар жұмысына табыс тіледі.

Семинар ауқымы кең екі мәселені қамтыды: «Ортақ түркі әліпбиі»  және «Түркі тілдерін оқытудың жаңа технологиясы». 2024 жылдың 11 қыркүйегінде Бакуде Халықаралық Түркі академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысында «Ортақ түркі әліпбиі» нұсқасы таныстырылғаны белгілі.  Семинар барысында аталмыш жоба туралы Түркиялық және Қазақстандық ғалымдар пікір білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Улыдаг университеті Өнер және Ғылым факультеті, түрік Тілі мен Әдебиеті бөлімі, Жаңа түрік Тілі кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор  Hatice ŞAHİN «Түрік жазу реформасы және оның қоғамға әсері»,  филология ғылымдарының докторы, доцент Ebru Kuybu DURMAZ «Түрік жазуында қолданылатын әліпбилер» және  Педагогика факультеті, Түрік тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, доцент Minara ALİYEVA ÇINAR «Работа над общим тюркским алфавитом в современном тюркском мире» тақырыбында және т.б. баяндама жасап, қатысушылармен пікір алмасты.