20 декабря 2024


ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да экология және география кафедрасы Ғылыми кеңесінің екінші отырысын өткізді. Отырысқа Білім бағдарламаларының басшысы, менеджерлері, «Экосервис С», ЖШС-ның ШҚО бойынша филиалы, «Оқу және ғылыми-зерттеу экобиоорталық» КМК, «АСС ҚОРҒАН» ЖШС директорлары, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының басшылары, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы №20 КММ орта мектебінің директоры қатысты.

Қатысушылар элективті пәндер тізбесін қалыптастыру мәселелерін қарастырып, кафедраның білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстарын талқылады.