14 января 2025


ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Дуалды оқытуды ұйымдастырудың үздік тәжірибесі: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында ПОҚ үшін оқыту семинары өтті. Іс-шара «Академиялық инновациялар» қысқы мектебі аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушылар білім беру үдерісіне дуалды оқытуды енгізу мен ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерді, сондай-ақ дуалды жүйені енгізу кезінде оқу орындарында кездесетін қиындықтарды талқылады. Атап айтқанда, үйлестірудің жеткіліксіздігі – 30%, салалардың шектеулілігі – 20%, жұмыс берушілердің мотивациясының төмендігі – 25%.

Спикер ретінде физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Жадыра Қалибек сөз сөйледі. Ол дуалды оқыту жоғары кәсіби мамандарды дайындап, оқу бітірген соң бірден кәсіби қызметіне кірісе алатынын атап өтті.

– Біздің студенттер аудиторияларда білім алумен қатар, кәсіпорындарда өз білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алуы керек. Бұл олардың кәсіби өсуі мен жұмысқа орналасуы үшін жаңа перспективаларды ашады, – деді Жадыра Қалибек.

Семинар пікір алмасумен аяқталып, қатысушылар қарастырылған тақырып бойынша спикердің талқылау сұрақтарына жауап берді.