26 Қыркүйек 2023


ҚАЗГЮУ ӨКІЛДЕРІ AMANZHOLOV UNIVERSITY-ГЕ КЕЛДІ

Университетке М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ өкілдері келді. Қонақтар ШҚУ студенттеріне дәріс оқу мақсатында жиналды.

Профессор, заң ғылымдарының кандидаты Жаннета Қалишева «Қазақстанның 2022 жылғы конституциялық реформасының қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудағы маңызы» тақырыбында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс оқыды. Сабақ барысында тыңдаушыларға конституциялық реформаның ерекшеліктері түсіндірілді. Лектор саяси модернизация бағдарламасын, билік институтын, Парламенттің заң шығарушы орган ретіндегі рөлі мен мәртебесін өзгерту тақырыбын қозғады.

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қарлығаш Дүсіпбаева қазақ тілінде «Эссе жазу оңай» атты дәріс өткізді. Айта кетейік, ғалым 2011 жылға дейін ШҚУ-да жұмыс істеген. Ашық диалог форматында студенттер шағын көлемді жанрдың ерекшеліктері туралы білді. Лектордың айтуынша, эссе авторы оқырманмен жеке әрі сенімді әңгіме жүргізеді. Мұндай шығармада кез-келген тақырып қолайлы. Мейлі философиялық, моральдық, әлеуметтік, ғылыми болсын. Басты айырмашылық автор оқырманмен өз ойымен бөліседі. Сабақ соңында профессор физикалық қозғалыстарды орындау арқылы мидың табиғи механизмдерін белсендіруге бағытталған нейрогимнастика жүргізді.

Болашақ тарихшылар мен Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары «Қазақстан тарихын оқытуда кейс-стадиді қолдану» тақырыбында дәріс тыңдаушылары болды. Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты Лепуда Мұқатаева оқыды. «Кейс-стади» – бұл нақты экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасын қолданатын оқыту әдісі. Ол бойынша студенттер практикалық жағдайды талдап, мәселелердің мәнін түсініп, мүмкін шешімдерді ұсынып, ең жақсысын таңдауы керек.

Қабылдау соңында университет қонақтары елордалық университеттің түлектері ректор Мұхтар Төлегенге және Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Әсел Апышеваға КАЗГЮУ логотипі бар свитшоттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.