11 марта 2025
ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАҢА БАҒЫТТАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ 2025 жылдың 18 наурызында философия ғылымдарының кандидаты, профессор Г.С. Бектасованың 70 жылдығына арналған «ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАҢА БАҒЫТТАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР» атты
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.
Конференцияның мақсаты – заманауи тенденцияларды, соңғы жаңалықтарды және ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын, сондай-ақ ғылымның қоғамның, технологияның және экономиканың дамуына әсерін талқылау.
Өткізу күні: 2025 жылғы 18 наурыз, сағат 11.00.
Өтетін орны:
— Онлайн: Zoom платформасы.
(Zoom платформасының сілтемесі :
Тақырыбы: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Уақыты: 18 наурыз. 2025 11: 00 PM Алматы
2 күнде бір рет , 365 оқиға (лар).
Келесі iCalendar (.ics) файлдарын жүктеп, өзіңіздің күнтізбелік жоспарлау жүйеңізге импорттаңыз.
Zoom конференциясына қосылыңыз:
https://us05web.zoom.us/j/85288211620?pwd=jFoV4TzyYgWXCK5VbnW32ZxnozUBax.1
Конференция идентификаторы: 852 8821 1620
Кіру коды: tne72h)
— Оффлайн: №5 ғимарат, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Абай конференц-залы
Конференция бағдарламасында келесі бағыттар қарастырылған:
- Педагогикалық білім.
- Жаратылыстану-математикалық ғылымдар.
- Техникалық ғылымдар және технологиялар.
Конференцияға қатысуға шақырылатындар ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер, студенттер және және барлық қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Сөз сөйлеу уақыты 5 минуттан аспауы керек.
Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерді 2025 жылдың 13 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне қатысу туралы өтінім жіберуге шақырамыз. Өтінімдерге арналған сілтемелер:
1 бағыт –
2 бағыт –
3 бағыт –
Конференцияға қатысу құны – 1500 тг.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, оқу ғимараты №5, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, 407 кабинет, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерциялау бөлімі, тел. 8(7232)241-328, Физика және технологиялар кафедрасы 8(7232)224-680 , эл.почта : maira.azhibaeva99@mail.ru
Ұйымдастыру комитеті