13 марта 2025


ШҚУ МЕН БАКУ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Amanzholov University мен Баку бизнес университеті арасында болашақ серіктестіктің мүмкіндіктерін талқылау мақсатында онлайн кездесу өтті. Кездесуге екі университеттің халықаралық бөлімдерінің директорлары қатысты.

Келіссөздер барысында академиялық алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру сияқты әртүрлі бағыттар қарастырылды. Бұл серіктестік білім беру және ғылыми бастамалардың дамуына ықпал етпек.

Айта кетейік, Баку Бизнес Университеті 1993 жылы құрылған және жоғары білікті экономистерді даярлайтын жеке жоғары оқу орны.