17 марта 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ЖЫЛ САЙЫН ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ҚАЛАЙ ДӘРІПТЕУДЕ

Студенттік парламент және Жастар ісі жөніндегі комитет қазақ салт-дәстүрлерін жаппай насихаттау шарасын ұйымдастырды. Жыл сайынғы айтулы шара төрт Студенттер үйінің арасында байқау ретінде ұйымдастырылады. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Дінмұхаммед Серікбайдың айтуынша, шараның басты мақсаты – жастар арасында қазақ халқының мәдениетін, өнерін, ұлттық құндылықтарын насихаттау.

-Студенттер үйіндегі білім алушылар арасында осындай байқауды жыл сайын өткіземіз. Барлық қатысушылар әрқашан ерекше идеяларымен ерекшеленеді. Бірінші жатақхана сутеденттері «Бесікке салу» дәстүрін, үшінші жатақхана «Қыз ұзату», төртінші Студенттер үйі «Беташар» және бесінші жатақхана білім алушылары «Тұсаукесер» дәстүрін насихаттады, — деді Дінмұхаммед Серікбай.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Тәжікстаннан келген студенттер де шараға белсене қатысты. Шетелдік студенттер «Қыз алып қашу» дәстүрін көрсетті. Бұл бойжеткен қызды отау құру мақсатында ұрлап кету.

Атап өтейік, байқау нәтижесі ШҚУ базасында ауқымды түрде өтетін Наурыз-2025 шарасында белгілі болады. Ректор Мұхтар Төлеген шығармашылық байқау қаытсушылары мен жеңімпаздарын арнайы марапаттайтын болады.