19 наурыз 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ АТАНДЫ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің Құқықтану білім беру бағдарламасының  4 курс студенті Арайлым Тұрсынғазина “Орта Азияның үздік студенті” атанды. Жеңімпазға I дәрежелі диплом мен төсбелгі табысталды.

– Арайлымның өзіндік ұстанымы, айтатын ойы, алдына қойған мақсаты бар. Бүгінгі жеңісі жылдар бойғы еңбегінің нәтижесі. Осындай студенттерімізбен мақтанамыз, – деді ғылыми жетекшісі Раиса Орсаева.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры елдегі білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.