29 сентября 2023


КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ: ЖАҢА КУРС БАСТАЛДЫ

Бейресми білім беру шеңберінде «Күміс университет» жобасының білім алушылары «Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу кезінде АКТ пайдалану» курсынан өтеді.
58 жастан асқан тыңдаушылар үшін оқытудың мақсаты – әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы коммуникацияны дамытуда жатыр. Толық 36 сағаттық курс барысында «Күміс университет» студенттері мобильді құрылғыны таңдау критерийлерін үйреніп, әлеуметтік желілер мен қосымшаларды зерттейді, сондай-ақ желіде қауіпсіз жұмыс істеу ережелерімен танысады. Айта кетейік, бүгінгі таңда тегін курста 32 адам оқиды. Жобаның негізгі кураторы компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Марал Толықбаева. Сонымен қатар, оқу барысында университеттің құзыретті мамандары қосымша спикерлер рөлін атқарады.
Бірінші сабақ ұялы телефондар мен әлеуметтік алаңдардың түрлерімен танысуға арналды. Тыңдаушылардың пікірінше, жаңа білім оларға коммуникацияны дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар цифрландыру мен технологиялардың қарқынды өзгеріп жатқан әлеміне толық бейімделу үшін де қажет.