11 июля 2025


Адам Мицкевич атындағы университеті (Польша) ШҚУ магистранттарын халықаралық тағылымдамаға қатысуға шақырады

Адам Мицкевич атындағы университеті (Познань, Польша) С. Аманжолов атындағы ШҚУ магистранттарын 2025 жылдың 28 қыркүйегі мен 12 қазаны аралығында өтетін екі апталық халықаралық тағылымдамаға қатысуға шақырады.

Бағыттар:

Ағылшын филологиясы / TESOL – 11 орын

Физика – 10 орын

Бағдарлама туралы: академиялық даму, мәдени алмасу және халықаралық ортада тәжірибе жинақтау.

Жалпы бөлім: университет басшыларымен кездесу, халықаралық серіктестік туралы дәрістер (мысалы, EPICUR альянсы), ғылыми жобаларды басқару, Познань қаласы мен университет кампусына экскурсиялар.

Факультеттік бөлім: таңдалған бағыт бойынша күн сайын кемінде 3 ғылыми іс-шара – семинарлар, зертханалық немесе практикалық сабақтар.

Қатысу ақысы: 200 еуро
Тұру ақысы: күніне 14 еуро (жатақханада)
Виза және жол ақысы: қатысушы есебінен

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 31 шілдеге дейін

Қатысуға ниет білдірсеңіз, келесі электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: mezhdunar_otdel@vku.edu.kz