31 июля 2025
ШҚО ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Аймақтағы мектеп түлектерінің жоғары білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету және өңір экономикасы үшін білікті мамандар даярлау мақсатында жергілікті бюджет есебінен Шығыс Қазақстан университетінің студенттеріне белгілі бір мөлшерде білім беру гранттары бөлінеді.
Аталған гранттар конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 5–10 тамыз аралығында жүргізіледі.