19 августа 2025


АЛТАЙ АУДАНЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ — AMANZHOLOV UNIVERSITY

Биыл Алтай ауданында 309 түлек мектеп бітірді. Былтыр бұл көрсеткіш 305-ті құраған еді. 22 түлек «Алтын белгі» иегері атанып, 26 оқушы үздік аттестатқа ие болды.

— Биыл Алтай қаласындағы №9 орта мектептің түлектерінің көбі студент атанып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, — деді Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы Бақытгүл Канафина.

Оның айтуынша, мамандық таңдау — тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды қадам екенін атап өтті.

— Кәсіптік бағыт-бағдар беру — бұл жеке адамның дамуындағы да, тұтас қоғамның тиімді жұмыс істеуіндегі де маңызды құрамдас бөлік. Біз С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен тығыз ынтымақта жұмыс істейміз. Жыл сайын ұйымдастырылатын бос орындар жәрмеңкесіне тұрақты түрде қатысып келеміз, — деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.