22 августа 2025


ШҚУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Жасанды интеллектіні педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» тақырыбындағы арнайы және инклюзивті білім беру педагогтерінің интерактивті алаңына «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова мен психология және түзету педагогикасы кафедрасының сениор-лекторы Рауан Байчинов спикер ретінде қатысты.

ШҚО Білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және ғылымиәдістемелік орталығының директоры жоғары оқу орнының өкілдеріне Алғыс хаттар табыстады.

Іс-шара Amanzholov University студенттерінің «Ұстазым» әнін ым-ишара тілінде орындауымен аяқталып, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.