26 августа 2025


Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заңға сәйкес, енді дропперлік әрекетке қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

 

Дроппер — бұл алаяқтар заңсыз жолмен алған немесе ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам. 

Дроппер — банктік карталар өз атына ашылып, сол арқылы ақша аударылып, шешіліп алынатын тұлға ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, дропперлер басқа да алаяқтық схемаларға тартылуы мүмкін, әсіресе үшінші тұлғалардың банк шоттарын пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтарға.