2 Қазан 2023


«ОРАЛХАН БӨКЕЙ – АЛТАЙДЫҢ АСҚАҚ ЖЫРШЫСЫ» ТӘРБИЕ САҒАТЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде драматург, жазушы, журналист Оралхан Бөкейдің туғанына байланысты тағылымды шара ұйымдастырылды.
Биыл қаламгердің туғанына 80 жыл толды. Белгілі жазушы Оралхан Бөкей қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына зор үлес қосты. Алтайдың кербұғысы атанған Бөкей алғаш рет «Қамшыгер» повестері мен әңгімелер жинағы жарыққа шыққанда таныла бастады. Тұңғыш кітабы 1970 жылы баспадан шыққан екен. Ол «Лениншіл жас», «Жұлдыз» жастар газетінің редакциясында жұмыс істеді. Оған қоса «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.
Шара барысында студенттерге автордың шығармашылығы туралы бейнефильмдер мен презентациялар көрсетілді. Айта кетейік, оның көптеген туындылары туған жері Алтайдың бірегей табиғатына, тарихына арналған.